Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 9,7 миллион адам (35,8 пайыз) орта арнаулы және кәсіптік білім алған. Ал 11,6 миллион тұрғынның (42,8 пайыз) жалпы орта білімі бар. https://t.me/statistika_ru/1586
15 жастан асқан әрбір 1 000 адамның 120-сы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, 358-і орта арнаулы және кәсіптік, ал 428-і жалпы орта білім алған.
Сондай-ақ халық санағының дерегіне сәйкес, Өзбекстанның білім беру ұйымдарында жеті жастан асқан 9,6 миллион адам білім алады. Оның 4,95 миллионы (51,5%) – ерлер, ал 4,66 миллионы (48,5%) – әйелдер.
Жоғары оқу орындарында 1,73 миллион адам білім алып жатыр. Олардың 49 пайызы – әйелдер.
Бұған дейін Өзбекстанда халық саны бір жылда 700 мың адамға өскені хабарланған болатын.