«Президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Түркияға жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек және табиғи апат салдарын жоюға қатысу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің бір топ құтқарушылары жөнелтіледі», - деді баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Өзбекстан ТЖМ хабарлағандай, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша гуманитарлық көмек көрсету және жер сілкінісі салдарын жою үшін ТЖМ-нің 60 құтқарушысы мен арнайы құтқару техникасы 3 бірлігі Түркияға жөнелтіліп жатыр.
Еске сала кетсек, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,4 күшті жер сілкінісі болды. Көптеген қираулар салдарынан адамдар үйінді астында қалды, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.
Фото: aa.com.tr