Санкт-Петербургте өткен рәсімге Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысып, бейнебайланыс арқылы құрылысты бастауға рұқсат берді. Ал Жизақ облысындағы іс-шараға Uzatom агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев, Росатом корпорациясының өкілдері, МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гросси қатысты.
- Бүгін сіздер тарихи оқиғаның куәгері болып отырсыздар. Біз Өзбекстанның технологиялық, ғылыми және өндірістік дамуының жаңа кезеңіне қадам бастық. Бірінші кезекте АЭС ұлттық экономика үшін жұмыс істейді. Бұл стратегиялық шешім тұрақты дамудың негізі болмақ, - деді құрылысты бастау рәсімінде сөз сөйлеген көршілес елдің президенті Шавкат Мирзиёев.
Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке қанша қаражат жұмсалатынын жазып едік.
Еске салайық, Өзбекстанда АЭС салынатын алаңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ, МАГАТЭ өкілдері АЭС құрылысының барысын бақылау үшін биыл Өзбекстанға барады.
Қоса кетсек, Өзбекстанда салынатын АЭС елдің үш өңірін электр қуатымен қамтамасыз етеді.