Отырыс барысында агенттік өкілдері мәлім еткендей, инженерлік және геологиялық зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды. Реактордың іргетасы орналасатын жерге бетон құйылып, дайындық басталды. Сонымен қатар бүгінде нормативтік-құқықтық базаны жетелдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту міндеттері жоспарға сай орындалуда.
Заң шығару палатасы мен Сенат депутаттары құрылыс барысымен жеке танысып, қадағалау үшін таяуда Жизақ облысындағы алаңға баруды жоспарлап отыр.
Еске салайық, таяуда Беларусь президенті Өзбекстанның АЭС салу жобасын іске асыруда стратегиялық серіктес болуға дайын екенін мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда салынып жатқан АЭС Жизақ, Самарқанд және Науаи облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз етпек.
Сондай-ақ, таяуда Өзбекстанда атом электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі басталғанын жазып едік.
23 желтоқсанда Өзбекстанда АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.