ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 16 шілде күні кешқұрым Ташкент облысының Зангиата ауданындағы М-39 тасжолы бойында орналасқан газ құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, газ сақтауға арналған резервуар мен аталған отынды тасымалдайтын көлік жарылған. Оқиға туралы хабар сағат 22:46-да түскен. Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді.
Оқиға салдарынан үш адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
Еске салайық, биыл маусымда Өзбекстанда жанармай бекетінде болған жарылыстан 6 адам қаза тапқан еді.
Сондай-ақ жыл басынан бері Өзбекстанда жазатайым оқиғалардан 90 адам көз жұмды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.