«Ауа райы мен көлік қозғалысы бағыты бойынша магистральдардағы жағдайды ескере отырып, осы жылдың 19 қаңтарынан бастап Өзбекстан Республикасынан халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы қалпына келтіріледі», - делінген хабарламада.
19 қаңтардағы «Ташкент» автовокзалынан халықаралық бағыттағы автобустардың тізімі:
12:00 | Ташкент – Мәскеу билетінің бағасы – 1 011 000 сум
16:00 | Ташкент – Алматы билетінің бағасы – 200 000 сум
16:00 | Ташкент – Астана билетінің бағасы – 361 000 сум
17:00 | Ташкент-Түркістан билетінің бағасы 111 000 сум
18:00 | Ташкент-Қызылора билетінің бағасы 161 000 сум
18:00 | Ташкент – Алматы билетінің бағасы – 200 000 сум
18:00 | Ташкент – Бішкек билетінің бағасы – 261 000 сум
Еске салсақ, 13 қаңтарда ауа райына байланысты Өзбекстанда халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылған еді.