Жиналыста мәлім болғандай, салдары мүгедектікке ұласуы мүмкін ауыр дертке шалдыққан 10 мың балаға жасалатын ота шығындарын мемлекет өтейді. Сондай-ақ, онкологиялық, гематологиялық, онкогематологиялық диагноз қойылған 2 300 науқастың медициналық тексерістен өтуіне, емделуіне және операциясына қаражатты үкімет бағыттайды. Мұнымен бірге бауыр мен бүйрек трансплантациясын күтіп жүрген 350 адамға тегін ота жасалады.
Ел шебін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған 8 мыңнан астам бүлдіршінге 200 доллардан беріледі. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын қарттар мен арнайы күтімге мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға азық-түлік таратылады.
Бұған қоса 500 мешіттің дәрет бөлмелері жөндеуден өтіп, зират аумақтарында абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Бұл іс-шаралар «Вакф» қоғамдық қайырымдылық қорының есебінен қаржыландырылады.
Еске салайық, Өзбекстанда Құрбан айтқа 5 күн демалыс береледі. Яғни, тұрғындар 27 мамырдан 31 мамырға дейін демалады.