Ведомство басшысының мәліметінше, жобаның құны биыл 24 наурызда қол қойылған келісімшартта айқындалған. Алайда бұл сомаға АЭС-ке қажетті жабдықтарды Өзбекстанда өндіру үшін кәсіпорын құру жұмыстары кірмейді.
- Біз қол қойған келісімшартқа сәйкес, жобаның базалық құны 9,5 млрд доллар. Бұл - ең шекті сома, - деді Азим Ахмедхаджаев.
Ол атап өткендей, құрылысты қаржыландыру үшін Өзбекстан таяуда БРИКС Жаңа даму банкімен келіссөздер жүргізеді. Бұл ұйым жобаға қатысуға ниет білдірді. Сонымен қатар өзге де елдермен келіссөз жүріп жатыр.
Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке қанша қаражат жұмсалатынын жазып едік.
Еске салайық, Өзбекстанда АЭС салынатын алаңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ, МАГАТЭ өкілдері АЭС құрылысының барысын бақылау үшін биыл Өзбекстанға барады.
Қоса кетсек, Өзбекстанда салынатын АЭС елдің үш өңірін электр қуатымен қамтамасыз етеді.