Өзбекстанда заңсыз арыстан асырағандар анықталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында және Ташкент облысында 80-нен астам жабайы жануарды заңсыз ұстағандар анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Фото: pexels.com

Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі және Бас прокуратураның қызметкерлері жүргізген тексеру кезінде тиісті рұқсатсыз жабайы жануар асырағандардың әрекеті әшкере болды.

Фото: ӨР Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі

Ресми мәліметке сәйкес, олар 4 арыстан, құстың 9 түрін және өзге де жыртқыштарды ұстаған. Жабайы жануарлардың бір бөлігі Ташкенттегі хайуанаттар бағына берілді.

Фото: ӨР Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі

Еске салайық, былтыр Өзбекстанда хайуанаттар бағындағы тордан шығып кеткен 3 арыстан күзетшіні талап өлтірген еді.

Қоса кетсек, биылдан бастап Өзбекстандағы цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынды.