Келер жылдан Өзбекстандағы цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Министрлер кабинеті келер жылдың 1 қаңтарынан бастап үйде ұстауға және цирк қойылымдары үшін пайдалануға тыйым салынатын жабайы жануарлардың тізімін бекітті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Келер жылдан Өзбекстандағы цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынады
Коллаж: pixabay.com

Құжатқа сай, тізімге өрмекші, жылан, акула және тасбақалардың кейбір түрлері енген. Бұл ретте жолбарыс, арыстан, түлкі, қасқыр, шимпанзелердің барлық түрін үйде ұстауға және циркте пайдалануға тыйым салынады. 

Тізімдегі жануарларды Экология министрлігінің рұқсаты негізінде хайуанаттар бағында және арнайы жасақталған орындарда (террариум, океанариум және тағы да басқа) ұстауға болады.

Өзбекстан үкіметінің қаулысына сай, тізімге енген жануарларды арнайы орындарға табыстау, орналастыру 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар