Өзбекстанда жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылды

Фото: Фото: видеодан алынған кадр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасы Шұғыл медициналық көмек орталығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. 

Бұл оқиғаның 2025 жылдың 13 наурызында Қоқан қаласындағы № 10 отбасылық емханаға қарасты жедел жәрдем көлігінде болғаны хабарланды. Жүргізуші Ғ.А. көлікке ағаш көшеттерін тиеп, жолға шыққаны анықталды.

Тексеріс нәтижесінде жүргізуші Ғ.А.-мен жасалған еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар көлік құралдарын тиімді пайдалану шаралары бойынша жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізбегені үшін емхананың бас дәрігері Ф.М.-ға ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды. 

Еске сала кетейік, Өзбекстан президенті жемқорлықпен күреске жауапты 117 шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды. 

Сондай-ақ былтыр Өзбекстанда жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты.