Өзбекстанда жер сілкінді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 11 тамызда Алматы уақытымен 13 сағат 01 минут 09 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1167 шақырым қашықтықта, Өзбекстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1, магнитудасы – 4.4. Жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар