Өзбекстанда жұмыс кезінде туған күн тойлаған «103» қызметкерлері жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде Қашқадария облысының Ғузор ауданында жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жұмыс орнында туған күнін тойлап жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Kazinform облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: видеодан скрин

Облыстың денсаулық сақтау ведомствосының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл жағдайды басшылық зерделеген.

«Ғузор аудандық жедел медициналық жәрдем станциясының бөлім меңгерушісі, бас мейірбике және екі кезекші мейірбикеге Еңбек кодексінің тиісті баптары бойынша тәртіптік жаза қолданылды», – делінген хабарламада.