Өзбекстанмен шекарада 1 млн теңгенің «Трамадол» дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадол» медициналық препаратын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадол» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарымен өткізілмек болған. Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла» атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды», - делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.