Жаңа елшінің жасы 51-де.
Бахтиёр Ибрагимов — Ташкент мемлекеттік университеті шығыстану факультетінің және Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының түлегі.
Еңбек жолын 1994 жылы Өзбекстан сыртқы экономикалық байланыс министрлігінің орталық аппаратынан бастаған. Сол жерде жетекші маманнан басқарма бастығына дейінгі мансап жолынан өткен.
2001 жылдан бастап Бахтиёр Ибрагимов Өзбекстанның АҚШ-тағы елшілігінде бірінші хатшы, сосын сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді.
Елге оралғаннан кейін сыртқы экономикалық байланыс министрлігінің және Министрлер кабинетінің экономикалық құрылымдарында жұмысын жалғастырды.
2019-2022 жылдары Өзбекстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің міндетін атқарды, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры және Өзбекстан туризм және мәдени мұра министрінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
Бұған дейін Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидкарим Ниязходжаев болатын, оның қызметі 2018 жылдан 2024 жылға дейін созылды.