Бір автобусты басып шығаруға 10 сағат керек, деп жазады Engadget. Оны құрастыру кезінде 30 сенсормен жабдықтайды, оның ішінде радар, лидар мен камералар болады. Көліктің барлық ақпараты бірыңғай суперкомпьютер орталығына келіп түседі.
Шағын автобусты аялдамада күтуге болады, немесе арнайы ұялы қосымшасы арқылы шақырту мүмкіндігі қарастырылған. Көліктің жолақысы қолма-қол ақшамен талап етілмейді, тек діттеген жерге жеткеннен кейін есеп-шоттан алынады.
Автобусты сынау алдымен Вашингтонда бірнеше ай ішінде жүргізіледі. Кейінірек Olli Майами мен Лас-Вегас көшелеріне қатынайды.