Ақтөбелік тұрғын ішімдік сататын дүкендерге барып, олардың лицензиясын тексермек болған. Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған 23 жастағы жігіт әкімшілік хаттама толтырмас үшін қызметіне 30-60 мың теңге сұраған.
«Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы 23 жастағы қала тұрғынының қылмыстық әрекетін анықтап, ұстады. Күдікті өзін полиция қызметкерімен деп таныстырып, алкогольдік ішімдік сататын дүкен иелерінен 30-60 мың теңге сұраған. Әкімшілік жауапкершіліктен босатуға уәде берген күдікті екі дүкен иесін алдады. Ол бұрын сотталмаған», - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.