Бұл туралы аймақ үкіметінің баспасөз хатшысы Муртаза Вахаб өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Муртаза Вахабтың жазуынша, қауіпсіздік қызметі ғимаратқа шабуыл жасаған барлық 3 содырдың көзін жойған. Қақтығыс кезінде 3 қызметкер мен бейбіт тұрғын қаза тапқан. Тағы 19 адам түрлі жарақат алған, біреуінің жағдайы ауыр.
Шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 19:10 шамасында болған. Аймақтық үкіметтің баспасөз хатшысы мәлімдегендей, содырлар полиция ғимаратына негізгі қақпа арқылы кіріп, оқ жаудырып, 25-тен астам граната лақтырған.
Бұл әрекетті елде тыйым салынған «Техрик-и-Талибан Пәкістан» ұйымы өз мойнына алды. Жұма күні кешке жарияланған мәлімдемеде шабуылдың негізгі нысаны - Карачи қаласындағы полиция бөлімі болғандығы айтылған.
Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф полиция мен қауіпсіздік қызметіне жүйелі ұйымдастырылған әрекеті үшін алғыс айтып, террористік шабуылды қатаң айыптады.
Осыған дейін Пәкістанда экстремистер тобы полиция офисін шабуылдап жатқаны хабарланған болатын.