-Түнгі атыс кезінде елін жаудан қорғау жолында Пәкістанның 23 әскери қызметшісі мерт болып, 29 сарбаз жарақат алды. Барлау қызметінің шығынды бағалау жөніндегі мәліметтеріне сәйкес, «Пәкістанның талибтер қозғалысы» ұйымы мен онымен байланысты 200 содырдың көзі жойылды, жарақат алғандар әлдеқайда көп,-делінген баспасөз баянында.
Сондай-ақ онда аталған жағдай Пәкістанның бұрыннан айтып келе жатқан Ауғанстан билігі терроршыларға белсенді қолдау көрсетіп келе жатқаны жөніндегі ұстанымын растайтыны айтылған.
Осыған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қақтығыс болып жатқаны туралы жаздық.