Пәкістан премьер-министрін екінші рет сайлады

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Пәкістанның жаңадан құрылған парламенті осы қызметті үш рет атқарған бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифтің інісі Шехбаз Шарифті елдің жаңа премьер-министрі етіп сайлады, деп хабарлайды BBC.

Фото: bbc.com

«Шехбаз Шариф Пәкістан Ислам Республикасының сайланған премьер-министрі болып жарияланды», - деді Ұлттық ассамблея спикері Аяз Садық. Ол Шариф Палатада 201 дауыс жинағанын, бұл қажетті 169 дауыстан көп екенін мәлімдеді. 

Ол 92 дауыс жинаған бұрынғы премьер-министр және бұрынғы крикет жұлдызы Имран Хан қолдаған кандидат, бірнеше айып бойынша түрмеде жазасын өтеп жатқан Омар Айюбтан басып озды. 

Шехбаз Шариф сайлау алдында парламент таратылып, уақытша үкімет билікке келген кезеңге дейін атқарған қызметіне қайта оралды.

Қатты шиеленіс жағдайында өткен сайлауда (сайлау күні билік ұялы байланыс пен интернетті өшірді) бірде-бір партия кабинет құруға жеткілікті дауыс жинай алмады. Бұған қоса нәтижелерді жариялау айтарлықтай кешіктірілді, бұл сыншылардың билікті алаяқтық үшін айыптауына негіз болды. 

Пәкістанның сайлаудағы басты үміткерлері Наваз Шариф пен Имран Хан жеңіске жеткенін жариялады. Екеуі де бұрынғы премьер-министрлер және екеуі де сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен түрмеге қамалған. Имран Хан жемқорлық, мемлекеттік құпияны жариялау және некеге дұрыс тұрмағаны үшін барлығы 31 жыл түрмеде отырған, ол қазір де қамауда отыр.

8 ақпанда өткен сайлауда Шарифтің Пәкістан ұлттық партиясы сайлауға қатысқан партиялар арасында ең көп орынға ие болды. Дегенмен, оның партиясы сайлауға тыйым салынғаннан кейін тәуелсіз кандидат ретінде қатысуға мәжбүр болған Ханның жақтастары басқа партиялар мен блоктардан көбірек болды. 

Журналист және ВВС-дің бұрынғы басшысы Мохаммед Ханиф атап өткендей, дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейін екі апта бойы Ханның қарсыластары үкімет құруға құлшыныс танытпады. Алғаш рет жетекші саясаткерлер билік үшін белсенді күресудің орнына жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеді.

Ханифтің айтуынша, елді басқаруға құлықсыздық Пәкістан ауыр қарыз дағдарысымен бетпе-бет келіп, жанар-жағармай мен азық-түлік бағасының көтерілуі жұмысшылардың өмірін қиындатқан кезде туындады. Пәкістандық саясаткерлер дүние жүзін аралап, халықаралық донорлардан көмек сұрауға мәжбүр. 

Алдыңғы мерзімде Наваз Шариф үкіметі Халықаралық валюта қорымен несиелер бойынша келіссөздер жүргізе алды, бірақ бұл процесс бір қалыпты жүрмей, ХВҚ-мен келісімде қарастырылған шаралар бағаның өсуіне және экономиканың баяулауына әкелді.

ХВҚ-мен келісім сәуір айында аяқталады, ал жаңа үкімет Пәкістан экономикасын көтеру үшін жаңа несиелер алу үшін дереу келіссөздерді бастауы, сонымен бірге кедейшіліктің өсуіне байланысты өсіп келе жатқан ішкі наразылықтармен күресу керек. 

Сарапшылардың пайымдауынша, жаңа үкімет үшін Пәкістан алдында тұрған көптеген қиындықтарды жеңу қиынға соғады. Ел 2022 жылғы алапат су тасқынының зардаптарын әлі де сезінуде, ал экономикалық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.