Пәкістан президенті аяғын сындырып алды

ИСЛАМАБАД. KAZINFORM – Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари Дубай халықаралық әуежайында ұшақтан түсу кезінде аяғын сындырып алды. Бұл туралы «Dawn» газеті кеше, 31 қазанда президент хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Фото: dawn.com

Ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы құлағаннан кейін бірден ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін аяғына гипс салынған.

Зардари қазір толық еңбек демалысында екені атап өтілді. Президент төрт апта бойы гипспен жүруі керек.

69 жастағы Президенттің соңғы жылдары денсаулығына байланысты бірнеше мәселе болған. 2023 жылдың наурыз айында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде көзіне ота жасатты.

Сондай-ақ, Пәкістан президенті 2022 жылы Карачидегі доктор Зиауддин ауруханасына кеуде қуысының инфекциясын емдеу үшін бір аптаға жатқызылды. Осылардан келіп шыққан көптеген қауесеттерден кейін оның жеке дәрігері Асим Хусейн Х әлеуметтік желісінде оның «денсаулығы жақсы» екенін растады.

Бір жыл бұрын Зардари үздіксіз сапарларының салдарынан «физикалық жүктеме мен шаршағандықтан» Карачидегі жеке ауруханада емделген.