- Пойыздағы 450-ден астам жолаушы содырлардың тұтқынында, - деді Белуджистан теміржол департаментінің жоғары лауазымды қызметкері Мұхаммад Кашиф Франс Пресс агенттігіне.
Geo TV арнасының хабарлауынша, экстремистер темір жолды жарып жіберіп, кейін пойызға оқ жаудырған. Пойыз жүргізушісі зардап шекті. Шабуыл кезінде пойыз күзетшілері мен содырлар арасында қызу атыс болды.
Әзербайжан Пәкістаннан жойғыш ұшақтар алып, елге $2 млрд инвестиция салатынын жазған болатынбыз.