Оқыс жағдай туралы журналистерге округ комиссарының орынбасары Али Акбар айтып берді.
— Ветеринария және жануарлар ғылымдары университетінің спортшыларын Лахордағы жарысқа алып бара жатқан автобус Джанг ауданында фургонмен соқтығысты, — деді ол.
Али Акбардың айтуынша, жол апатына екі көліктің де жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болған.
— Тоғыз жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы бес адам алған жарақатының салдарынан ауруханада жан тапсырды, — деп қосты А. Акбар.
Осыған дейін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Хайбер ауданында қауіпсіздік күштерінің көлігі жарылып, үш қызметкер қаза тапқан болатын.