Сенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған лаңкестік шабуылдан 16 сарбаз қаза болып, сегізі жараланды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне аты-жөнін жарияламауды сұраған аймақтық барлаудағы дереккөздер хабарлады.
Шабуыл Оңтүстік Вазиристан округінде жергілікті уақыт бойынша 02:30 шамасында басталды. Дереккөздердің мәліметінше, содырлар бақылау-өткізу пунктін бір мезетте атқылап, сарбаздарды өлтірді.
12 марқұмның аты-жөндері белгілі болды. Ал қалған төртеуінің кім екені әлі анықталған жоқ.
Жараланғандар шұғыл түрде Шекара корпусының оқу орталығына эвакуацияланды.
Осыған дейін Германияда бір топ адамды қаққан көлік туралы не белгілі екені туралы жаздық.