Пән олимпиадаларын өткізуге қандай өзгерістер енгізілді – «Дарын» РҒПО

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Камила Башарова пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауын өткізудегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Директордыңайтуынша, оқушылар арасындағы олимпиадалар қорытындысы бойынша әр пәннен «2019жылғы Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебі» ресми рейтингісі құрылған.

«Республикалықғылыми жобалар байқауы мен олимпиадаларда бірінші және екінші тур және әділқазы алқасының жұмыстарды тексеруі, ұпай мен жүлделі орындарды бөлуі онлайнтрансляцияланды. Қазір олимпиаданың барлық мектептік, аудандық, облыстықкезеңдерін дәл осындай әділдікпен қамтамасыз ету механизмдері әзірленіп жатыр»,- деді К. Башарова.

Сонымен бірге, олреспубликалық ғылыми жобалар байқауын өткізу ережесіне өзгеріс енгізілетінінхабарлады.

«Биылғы оқу жылындаҚазақстанның құрама командаларының басшыларын анықтауда балаларды олимпиадағадайындап жүрген бұрынғы халықаралық олимпиада қатысушыларына басымдық берілді.Қазақстан құрама командасының қатысушыларын іріктеу ұстанымдары және олимпиадамен оқу-жаттығу жиындарының рейтингтері бойынша құрылуы стандартталды», - депатап өтті К. Башарова.

Одан бөлек, ақылыойындар мен конкурстарды, олимпиадаларды алып тастап, орнына тегінинтернет-олимпиадаларды енгізу жұмыстары басталды.

«Мұғалімдергеарналған ақылы конкурстар мен өзге де шараларды ұйымдастыруға түбегейлі тыйым салынды.Олар тек «Дарын» РҒПО немесе жіберуші тарап есебінен ғана өтуі тиіс.Республикалық жасөспірімдер олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізу деңгейіайтарлықтай көтерілді», - деді ол.

Орталық басшысыныңхабарлауынша, дарынды балаларды табу мен қолдау көрсету орталықтарыныңтұжырымдамасы құрылады. Сәйкесінше, таланттарды табу, оқыту, дамыту және қолдаукөрсетуге барынша ыңғайлы жағдай жасалады және әрбір ата-ана балаларыныңқабілетін тексертіп, ұсынымдар ала алады.

«Мұндайорталықтарды өңірлердегі «Дарын» орталықтарының базасында құру жоспарланған.Оларды қаржыландыру механизмдері жасалып жатыр. Ауылдар мен кіші қалалардағыоқушылар үшін бөлек ұлттық зияткерлік турнир өткізу ұсынылды. Бұл бастаманыТұңғыш Президент қоры қолдады және «Ел үмiтi» жобасы аясында толық баяндалады»,- деп атап өтті Камила Башарова.

Спикердің айтуынша,еліміздің талантты жастары үздік тренерлермен олимпиадаға жыл бойы жүйелі әрісапалы дайындалуы үшін тегін тұрақты онлайн-мектеп ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Білім беру мазмұнын жаңартужағдайында педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбындағы тамыз педагогикалықкеңесін алғаш рет online режімде өткізгені хабарланған еді. Бұл кеңестіңмақсаты - білім мазмұнын жаңарту жағдайында мамандандырылған мектептерде сапалыбілім беруді қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар