ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 наурыз күні Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында жол-патрульдік полиция взводының қызметкері, полиция сержанты А.Өтешевке 150 мың теңге көлемінде пара бермекші болған 1988 жылғы С. деген азамат ұсталды.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын осылайша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөліміне (автокөлікті мас күйінде айдау) сәйкес қозғалған әкімшілік іс материалын сотқа жолдамауды шешпекші болған.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлімі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте табандылық танытқаны үшін А.Өтешев сыйақымен ынталандырылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).