АСТАНА. KAZINFORM - Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық таеквондошы Милана Красавцева ширек финалға шықты.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, пара таеквондодан (К44 класс) Милана Красавцева (52 келі) іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасынан келген спортшысы Геральдо Диаспен кездесті. Жекпе-жектің негізгі кезеңінде жеңімпаз анықталған жоқ. Қарсыластар 8:8 есебіне қанағат білдірді.
Қосымша раундта қазақстандық спортшы 10:8 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды. Алдағы қарсыласы - мексикалық Джессика Гарсия Куиджано.
Сондай-ақ, 20:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.