ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін көркем гимнастикадан Эльжана Таниева іріктеу сындарын сәтті бастады.
Отандасымыз осыған дейін көпсайысты шығыршықтағы жаттығуда 30.750 ұпай жинап, аталған сында 8-орынға тұрақтады. Одан кейін Таниева екінші мүмкіндігінде доппен жаттығуда 32.000 балл алды. Ол әзірге екі снарядтан кейін 62.850 ұпаймен 7-орында тұр.
Енді Эльжана ұршық және лентамен өнер көрсетеді. Финалға тек үздік 10 гимнаст шығады.
Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбайдың Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмағанын жазған едік. Сондай-ақ Азамат Дәулетбеков те алғашқы белдесуінде АҚШ балуанынан жеңіліп қалды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.