Отандасымыз ұршықпен өнер көрсетіп, төрешілерден 32.300 балл алды. Үш снарядтан кейін 95.150 ұпаймен 7-орынды сақтап қалды.
Енді ол соңғы мүмкіндігінде лентамен өнер көрсетеді. Финалға үздік 10 гимнаст шығады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін отандасымыз көпсайысты шығыршықтағы жаттығуда 30.750 ұпай жинап, аталған сында 8-орынға тұрақтады. Одан кейін Таниева екінші мүмкіндігінде доппен жаттығуда 32.000 балл алды. Осылайша екі снарядтан кейін 62.850 ұпаймен 7-орында тұрғанын жазған едік.
Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбайдың Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмағанын жазған едік. Сондай-ақ Азамат Дәулетбеков те алғашқы белдесуінде АҚШ балуанынан жеңіліп қалды.