Париж-2024: Нысана көздеу мен спорттық гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 3 күн қалды. Осыған орай бүгін назарларыңызға нысана көздеу мен спорттық гимнастикадан ел намысын қорғайтын спортшыларымызды қысқаша таныстара кеткенді жөн көрдік.
Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:
Нысана көздеу
Ислам Назарғожайұлы Сатпаев – 1998 жылы 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Арина Романовна Алтухова – 2003 жылы қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Никита Константинович Чирюкин – 2002 жылы 5 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген.
Константин Константинович Малиновский – 1999 жылы 3 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2 мәрте қола жүлдегері.
Ирина Дмитриевна Юнусметова – 2001 жылы 25 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.
Александра Георгиевна Ле – 2004 жылы 3 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Спорттық гимнастика
Милад Карими – 1999 жылы 21 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылы Бельгиядағы әлем чемпионатында көпсайыстан қола жүлдеге ие болды.
Нариман Хусанжанович Курбанов – 1997 жылы 6 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарында тұңғыш рет ат снарядындағы жаттығудан жүлде алды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Олардың алғашқы легі 18 шілде күні Парижге аттанып кеткен болатын. Ал, кеше қазақ боксшылары Париждегі Олимпиада қалашығына барып қоныстанды.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Франция астанасы Париж қаласында XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.