ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай жартылай финалда қарсыласын жеңіп, финалға шықты.
Фото: Владислав Семенов
80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласынан басым түсті.
Фото: Владислав Семенов/ ҰОК
Осылайша Нұрбек Оралбай финалдық кезеңге өтті. Ол – әзірге финалға шыққан жалғыз қазақстандық боксшы.
Фото: ҰОК
Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек ширек финалда әзербайжандық боксшы Мурад Аллахбердиевті жеңген еді.
Сондай-ақ отандасымыз осыған дейін аустралиялық Каллум Петерсті жарыс жолынан тайдырып, ширек финалға өткен болатын.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.