Париж-2024: Олимпиадада ел намысын қорғайтын балуандар мен садақшыларымыз кімдер

Фото: Фото: Michel Euler/The AP

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 7 күн қалды.

Осыған орай бүгін назарларыңызға еркін күрес, грек-рим күресі және садақ атудан сынға түсетін спортшыларымызды қысқаша таныстыра кеткенді жөн көрдік. 

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:

Еркін күрес

Азамат Нұрбекұлы Дәулетбеков — 1994 жылы 15 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. 
Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері (2022, 2023)

Фото: Дирекция развития спорта РК

Әлішер Ерғалиұлы Ерғали — 1999 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Юсуп Султанмагоматович Батырмурзаев — 1996 жылы 13 сәуірде Дағыстан жерінде дүниеге келген. 
2013 жылдан бері Қазақстан атынан сынға түседі.

Фото: Дирекция развития спорта РК

Мейрамбек Қартбай — 1997 жылы 30 қарашада дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

 

Грек-рим күресі

Нұрсұлтан Шыңғысбекұлы Тұрсынов — 1991 жылы 30 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Айдос Сұлтанғалиұлы Сұлтанғали — 1996 жылы 7 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Демеу Нұрдәулетұлы Жадраев — 1989 жылы 2 қарашада Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Әлімхан Әлішерұлы Сыздықов — 1994 жылы 14 маусымда дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Садақ ату

Ильфат Ринатұлы Абдуллин — 1998 жылы 9 қаңтарда Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Дәулеткелді Болатұлы Жаңбырбай — 2004 жылы 2 маусымда Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Александр Александрович Ёременко — 2004 жылы 9 маусымда Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 

Фото: Дирекция развития спорта РК

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. 

Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі. 

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Кеше, Олимпиадада ел намысын қорғайтын жеңіл атлеттеріміз бен велошабандоздарымыз туралы жазған болатынбыз.