Париж-2024: Юсуп Батырмырзаев алғашқы белдесуінде жеңіліс тапты

Фото: Фото: ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын қорғаған Юсуп Батырмырзаев алғашқы белдесуінде ұтылып қалды. 

125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше еркін күрестен екі балуанымыз жарыс жолына шығып, екеуі де бірінші белдесулерінде қарсыластарына жол берген еді.

86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков АҚШ балуанынан ұтылса, 57 келіде сынға түскен Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде қырғыз балуанынан жеңіліп қалды.

Бұған дейін Олимпиада ойындарында брейкдансер Әмір Зәкіровтің алғашқы қарсыластары анықталғанын жазған едік.