АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық қос спортшы жүзуден 2024 жылғы олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Парижде ел намысын қорғайтын болады.
Ә.Мусин 100 метрге еркін және баттерфляй әдісімен жүзуден бақ сынайды. Ал К.Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден сынға түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын халықаралық паралимпиада комитеті пара жеңіл атлеттеріне тағы екі квота бөлгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).