Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 50-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, америкалық Маккартни Кесслермен өткізді.
Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда Путинцева жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы Юлия қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:1, 6:1.
Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Кесслер 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 362-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен таласады.
Парижде Ролан Гаррос турнирі қарсаңында 11-17 мамыр аралығында өтіп жатқан аталмыш доданың жүлде қоры 115 мың АҚШ долларына бағаланған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.
Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей көрсеткішке қол жеткізді.
Сондай-ақ Анна Данилина Рим турнирінің 1/8 финалына шықты.