Анна Данилина Рим турнирінің 1/8 финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 8-ракеткасы Анна Данилина Рим (Италия) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.
Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге алғашқы айналымда қытайлықтар Синью Янь – Сюй Ифаньмен тартысты матч өткізді.
Бірінші партияда Данилина – Мухаммад 6:4 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте қытайлық дуэт есе қайырды – 6:1.
Супер тай-брейкте қытайлықтар 9:6 есебімен алға шыққанымен, төрт матчболды пайдалана алмады. Анна мен Эйжа ақыры жеңісті жұлып алды – 13:11.
Сағат жарымға созылған бәсекеде Данилина – Мухаммад 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қытайлық жұп 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина – Эйжа Мухаммад ширек финалға шығу үшін ресейлік Ирина Хромачева – мексикалық Джулиана Олмоспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.
Рим мастерс турнирінде Александр Бублик төртінші айналымнан тыс қалды.
Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей көрсеткішке қол жеткізді.