Парижде 10 мың жанкүйер Демеу Жадыраевқа қошемет көрсетті

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында жазғы Олимп ойындарының аясында атлеттерге құрмет көрсету кеші өтті. Оған әр құрамадан жеңіске жеткен жүлдегерлер іріктеп алынды. 

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті таратқан мәліметке сенсек, біздің командадан бұл салтанатты шараға 77 келіде грек-рим күресінен күміс медаль иегері Демеу Жадыраев қатысқан. 

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

«Сәлем, Париж! Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты. Францияда біздің спортшымызды 10 мыңнан аса адам күтіп алып, қошемет көрсетті!» дейді комитеттен. 

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Айта кетейік, кеше Демеу Жадыраев финалда жапониялық Нао Кусакадан 5:2 есебімен ұтылып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін қанағат тұтты.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко жарыстан кейін Демеу Жадыраевтың финалдағы белдесуі жайында пікір білдірді.

Оның айтуынша, Жадыраевқа аздаған ептілік жетпей қалған. 

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Демеудің өзі де еліне алтын сыйлағысы келгенін, алайда соңғы сәтте жауапкершілік жүгі ауырлап, жеңісті уысынан шығарып алғанын айтып ағынан жарылған болатын.  

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК