ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Болгарияның көркем гимнастика спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің «SOS d’un terrien en détresse» композициясына өнер көрсетті.
Нәтижесінде Димаштың әнінде өнер көрсеткен гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Димаш есімі әлемге дәл осы ән арқылы танылған болатын. Ол 2017 жылы Қытайдағы «I’m a singer» жобасына қатысып, «SOS d’un terrien en détresse» әнін француз тілінде шырқаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 35-орында тұр. Олимпиада ойындары 11 тамыз күні мәресіне жетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.