Парламент Құрылтай мен оның депутаттары жөніндегі құжатты қарайды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы жобасы енгізілді. 

Фото: Виктор Федюнин

Атап айтқанда, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына депутаттарды сайлау мәселесі талқыланды.

— Аталған заң жобасын биылғы 15 наурызда Республикалық референдумда қабылданған еліміздің жаңа Ата заң ережелерін іске асыру мақсатында Парламент депутаттары әзірледі. Құжат Құрылтайды ұйымдастыру және оның қызметін құқықтық реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған, — деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасы 12 тараудан және 60 баптан тұрады.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізілетінін мәлімдеген еді

Айта кетейік, 17 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды