Аталған құжаттың мақсаты Қазақстанда қазіргі заманғы әуе кемелерін сатып алу мәмілелерін қаржыландыратын кредиторлардың тәуекелін төмендету үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар құжат авиациялық техниканы өндіруші елдердің агенттіктерінің кепілдігімен қазақстандық авиакомпаниялар үшін заманауи әуе кемелерін қаржыландыру құнын төмендету көзделеді.
Сондықтан да, Парламент қабылдаған Заң отандық авиацияның материалдық-техникалық базасын жақсартуға оң септігін тигізеді. Қазақстандық авиакомпанияларға техникаларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде еліміздің авиакомпанияларының жұмыс сапасын жақсартуға да оң әсер етпек.