— Конституциялық заң жобасы Қазақстанның жаңа Конститутциясының 2-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының негізгі ұғымдарын, мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын айқындайды, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылымдар мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін ажыратуға бағытталған. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бұл заң жобасын Парламент регламентіне сәйкес қарау үшін қабылдауға дайын, — деді депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.
Атап айтқанда, осы заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары сайланды.
Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізілетінін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, 17 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.