Оның сөзінше, сайлауға қатысатын жеті партияның кандидаттар тізімі заң талаптарына сәйкес жасақталған.
— Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялар кандидаттар тізімін жасақтау кезінде ғана емес, депутаттық мандаттарды бөлу барысында да әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға арналған 30%-дық квотаны сақтауға міндетті, — деді Нұрлан Әбдіров.
Сондай-ақ ол партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде сағат 18:00–ге дейін жалғасатынын айтты. Осы уақыт аралығында ОСК кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы заң талаптарына сәйкестігін тексеріп, әр партияның тізімін жеке қарайды.
Еске салайық, бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған едік.