Партиялар пікірсайысы: командалық теледебаттың екінші кезеңі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде өтіп жатқан сайлауалды теледебаттың екінші кезеңі мәресіне жетті. Бұл раундта жеті партия көрермен мен БАҚ өкілдері жолдаған сұрақтарға жауап берді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Барлық сауал «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбын қамтыды. Саяси партия өкілдеріне екі сұрақтан қойылып, жауап беруге 1,5 минут уақыт бөлінді. Спикерлер белгіленген уақыт шеңберінде қойылған сауалдарға нақты әрі мазмұнды жауап қайтаруға тырысты.

Фото: Ағябай Аяпбергенов/ Kazinform

Дебат қатысушыларына алғашқы сауал легін «Jibek Joly» және «Silk Way» телеарналары және «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің журналистері қойды. Партия өкілдері сауал аясында заң үстемдігі, алимент төлемі, ақшалай кепіл арқылы бостандыққа шығу, жалған ақпарат тарату, вандализм, экономикалық бағдар секілді өзекті тақырыптарға қатысты пікір білдірді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Партия өкілдеріне келесі сауалдар көрерменнен келген. Халық WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қатысушыларға көкейдегі сауалын қоюға мүмкіндік алды.

Respublica партиясы – лудоманиямен күрес шешімдері туралы ойларымен бөлісті;

«Әділет» партиясы – айыппұлдардың тиімділігі туралы айтты;

«Ауыл» партиясы – заң үстемдігін нығайту жолы бойынша пікір білдірді;

Қазақстан Халық партиясы – құқық қорғау органдарына деген халық сенімін көтеру керектігіне назар аударды;

ЖСДП – Мәжілістегі белсенділік мәселесін қозғады;

«Байтақ» партиясы – жол қауіпсіздігі туралы пікірін ортаға салды;

«Ақ жол» партиясына – кәсіпкерлер мүддесін қорғауға қатысы сауалдарға жауап берді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Айта кетейік, Jibek Joly телеарнасында Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдерінің командалық телевизиялық дебаты басталды.

Бұған дейін теледебаттың бірінші кезеңі туралы жаздық.