Пашинян Армения премьері лауазымына билік партиясының кандидаты ретінде ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Арменияның қазіргі премьер-министрі Никол Пашинян 7 маусымда өтетін парламент сайлауында өзі басқарып отырған «Азаматтық келісімшарт» партиясының премьер-министр лауазымына кандидаты ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.

Фото: Арменпресс

Пашинян бұл туралы Telegram арнасында хабарлады. Оның айтуынша, «Азаматтық келісім» партиясында ішкіпартиялық дауыс берудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша ол 933 дауыс жинап, сайлау тізімінде бірінші орын алды.

— Мен партиялас әріптестеріме сенім білдіргені, сайлау тізіміндегі көшбасшылығымды қолдағаны және Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына кандидат болу құрметі үшін алғысымды білдіремін, — деп жазды Пашинян.

Осыған дейін Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасы жаңа серпін алып, алдағы айларда елдер арасында тікелей рейстер іске қосылатынын хабарладық