Пашинян Әзербайжанмен жақын арада бейбітшілік келісіміне қол қоюға басымдық береді

АСТАНА. KAZINFORM — Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Әзербайжанмен жасалған, алдын ала келісілген бейбітшілік келісіміне жақын арада қол қоюға және оны ратификациялауға назар аударуы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Armenpress -ке сілтеме жасап.

Фото: mfa.am

— Осы іске асқан сәтте біз Армения мемлекеттілігінің мызғымастығының негізін қалағанымызды нақты айта аламыз, — деді Пашинян.

Ол сондай-ақ «Еркін және бақытты Армения» тұжырымдамасына негізделген ғұмырлы мемлекет стратегиясын жүзеге асыру қажеттілігін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 8 тамызында Вашингтонда өткен үшжақты кездесуден кейін Әзербайжан, Армения және АҚШ көшбасшылары Баку мен Ереван арасындағы бейбіт реттеу туралы бірлескен декларация қабылдады.

Әзербайжан, Армения және АҚШ көшбасшылары Ақ үйдегі бейбітшілік саммитінің бір жылдығына орай бірлескен мәлімдеме жасады.