Пәтер аралап, биометриялық деректерді жинап жүрген топ бар екені рас па – ІІМ жауабы

АСТАНА. KAZINFORM - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың құжаттарын тексеру және биометриялық деректерін жинау мақсатында пәтерлерді аралап жүрген адамдар туралы ақпарат таралуда, деп хабарлады Polisia.kz.

Фото: Kazinform/ИИ

ІІМ аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Мұндай жазбалар бұған дейін де таралып, полиция тарапынан жоққа шығарылған болатын.

Polisia,kz сайтының видеосынан

-Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз,-делінген полицияның хабарламасында.

Осыған дейін Маңғыстау полициясының бастығы туралы фейк тараған болатын.