Оқиға орнына жедел тергеу тобы келген. Полиция қызметкерлері тексере келе, жоғалған ақша мен құжаттарды пәтерден тауып алды.
Вера Никитинаның айтуынша, пәтерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеушілер кеткен соң, 2 млн теңгенің жоғалғанын анықтаған. Ақшасын таппаған соң полицияға ұрлық туралы арыз жазған.
- Мен әдеттегі жерден ақшаны таба алмаған соң қобалжыдым, өзім қайда қойғанымды ұмытып қалыппын. Басшылықтан көмек көрсеткен қызметкерлердің еңбегі мен біліктіліктерін атап өтуді сұраймын, оларға деген алғысым шексіз, - деді ол.
19:26, 11 Тамыз 2021
Пәтерін жөндеткен павлодарлық екі млн теңгесін таба алмай қалды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Пәтерін жөндеткенен кейін екі млн теңгесін таба алмай қалған павлодарлық тұрғын полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.