Пәтерінде жалғыз қалған ақтөбелік мүгедек қыз екі күн бойы аш жатқан

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде I топ мүгедегі Айнұр Есенова екі күн бойы ас-сусыз, бақылаусыз қалған. Еріктілер оны ауруханаға жатқызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Блогер Әли Оспанов мүгедек қызды осымен екінші рет өлімнен құтқарып қалды.Алғашында Айнұр Есенованың досы хабарласып, көмек сұраған болатын. Ал бүгін екікүн бойы дала көрмей, ессіз пәтерінде жатқан жерінен полицияны және төтенше жағдай қызметіншақырды.

«Айнұр Есенова жоғары білімді, есепші болып жұмыс істеген. 31 жастағы әйелдіңбұған дейін төртінші қабаттан секіріп, арбаға таңылғанын білеміз. Біз оған алаңдап,хабарсыз қалған соң үйіне бардық. Телефонын көтермеді, бірақ қоңырау дауысыестілді. Полиция шақырылды, төтенше жағдайлар қызметі келді. Есік ашылмаған соңтерезе арқылы кіруге тура келді. Пәтер ішін қолаңса иіс алып кеткен, Айнұрәлсіреп қалған. Бізді көргенде су, тамақ сұрады», - дейді блогер ӘлиОспанов.

Дереу жедел жәрдем шақырылып, көмек берілді. Бірақ дәрігерлер ақыл-есі дұрыс,денсаулығына өзі салғырт қараған Айнұрды алып кетуден бас тартты.

«Біз басшыларына хабар беріп, емдеу мекемесіне жатқызуды сұрадық. Содан соңтеміржол ауруханасына алып кетті. Айнұрға психологиялық көмек керек, оның өміргедеген құлшынысын көргіміз келеді. Бізге адамдар көмек сұрап хабарласады. Бірақмұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрмыз», - деді Әли Оспанов.

Айта кетейік, Айнұр Есенованың анасы қайтыс болған, өзі әкесімен бірге тұрады. Әкесіқазір 15 күндік вахтада жұмыс істеп жүр. Бұл уақытта ақтөбелік мүмкіндігішектеулі қызға інісі мен келіні қарайды.

«Айнұр Есенова мемлекеттік көмектің бәрін алып жүр. Оған гигиеналық заттарберіледі, І топ мүгедектігі рәсімделген. Тек әлеуметтік көмекшілер үйінебармайды. Себебі қалада тұратын туыстары бар адамдарға көмек қарастырылмаған.Ауруханаға жатып қалғанын естіп, бардым, жағдайын білдім. Ол еш шағымайтпады», - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініңбасшысы Мақпал Тұрмағамбетова.

Ал облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов тексеру жүретінін, қамқоршысы қызға дұрыс қармайтыны анықталса, заң аясында жауапкершілікке тартылатынынайтты.

Соңғы жаңалықтар