пәтер иесіне айыппұл салынады. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгертулер енгізіліп, күшіне енді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жедел-алдын алу іс шаралары барысында елордалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар 10 күннің ішінде тұрғын жайларды жезөкшелікпен айналысуға берудің 12 фактісін анықтады. Материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін сотқа жолданды», - делінген ақпаратта.
Мысалы, жыныстық қызметтер көрсету үшін үйін ұзақ мерзімге жалға берген пәтер иесі анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Пәтерді жалға беру фактісі бойынша жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Үстіміздегі жылы 6 тамызда сот тексерулері барысында аталған пәтер иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 341-1 бабы (біле тұра жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 300 АЕК көлемінде (411.300 тенге) айыппұл төледі.
Әкімшілік соттың шешімімен ұсталған азаматтың кәсіпкерлік қызметін 6 ай мерзімге тоқтату туралы шешім қабылданды.