Павлодар қаласында кешеден бері жаурап отырған үйлерге жылу беріліп жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Кеше түсте жылудан ажыратылған Павлодардың шығыс және оңтүстік бөлігіндегі үйлерге бүгін ала таңнан жылу беріліп жатыр. Қазір пәтерлерде ыстық су да жүріп тұр.

Фото: pexels.com

Павлодарлықтардың біраз бөлігі өткен түнді суық пәтерлерде өткізді. Кеше түске таман қаланың шығыс және оңтүстік бөлігіндегі шағын аудандарда мен ыстық су жоғалып кеткен еді. Жергілікті билік бұған ЖЭО-1-де су өткізетін жапқышты ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны себеп болды деді. Негізгі мәселе ЖЭО-1 ден жылу алатын Усолка, Дачный, Екінші Павлодар, МДС шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде байқалды.

Ал бүгін таң алдында пәтерлердегі суып кеткен батареяларға жылу жүгіре бастады. Дейтұрғанмен тұрғындар пәтерлерінің әлі де жыли қоймағанын айтады. Соған қарағанда ЖЭО-1 жылу параметрлерін толық көтере қоймаған сияқты.

Еске сала кетейік, 22 қазан күні Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің көбінде жылу жоғалып кетті 

Ал бұған дейін Павлодар облысында тұрғын үйлерді жылуға қосу аяқталғаны туралы хабарлағанбыз